Келешегі кемел кәсіпорын
Тоғыз жолдың торбында орналасқан Шу қаласында элоктровоз жөндеу депосы былтыр ашылған болатын. Содан бері олар қуат көзі арқылы темір жол бойымен жүйткитін темір тұлпарларға қалтықсыз қызмет көрсетіп келеді. Жалпы Қазақстан бойынша элоктровоздарды жөндеп, іске қосатын 3-ақ зауыт бар. Соның бірі де, бірегейі дәл осы Шу депосы. Соңғы үлгіде технологиялармен қамтмасыз етілген кәсіпорын 2025 жылы іске қосылған. Ауқымды жобаны жүзеге асырған «Алстон» компаниясы болатын. Қазір олар элоктровоздарды техникалық жағынан жабдықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді.