Астана мен Сеул стратегиялық серіктестікке серпін бермек
Қазақстан мен Корея арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосқан бірқатар азамат «Достық» орденімен марапатталды. Құрметке бөленгендердің арасында қазақ тілін Кореяда 20 жылдан бері оқытып жүрген профессор да бар. Мемлекет басшысы Сеулдегі мемлекеттік сапарын жергілікті қоғам және мемлекет қайраткерлерімен кездесуден бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің арақашықтығы алыс болғанымен мемлекеттерімізді өзара құрмет пен ортақ мүдде жақындастыратынын айтты. Ал сапардың негізгі күн тәртібі экономика, технология, ғылым және инвестиция салаларын қамтиды.