Әділетті Қазақстан - жастар көзімен
Ашық диалог, жаңа идеялар және өзекті мәселелерді шешу жолдары. Бүгін Таразда «Әділетті Қазақстан – жастар көзімен» атты жастармен кездесу өтті. «Әділет» партиясы ұйымдастырған іс-шара дөңгелек үстел форматында өрбіді. Жас белсенділер білім беру, жұмыспен қамту және қоғамдық өмір мәселелері бойынша өз ұсыныстарын ашық білдірді.