Алтын Орда аманаты
Тарихи сананы жаңғырту, ұрпаққа бабалар аманатын жеткізу. Бүгін облыста «Алтын Орда – тарихи сана мен бабалар аманаты» тақырыбында ардагерлер мен тарихшы-ғалымдардың кездесуі өтті. Жиынға өңірдің ардагерлері, тарихшылар мен әдебиеттанушылар қатысты. Басты мақсат – Алтын Орданың арғы-бергі тарихын тереңірек зерделеп, оның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы орнын кеңінен түсіндіру.