«Кітап оқитын ұлт марафоны» басталды
Қазақстанда кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеруді көздейтін «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны ресми түрде басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатыр. Бүгін Тараз қаласындағы №66 орта мектепте жобаның ресми ашылу рәсімі өтті.