Негізгі Жаңалықтар Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады

Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады

Қарашығанақ кен орнында 6 млрд долларға газ өңдеу зауыты салынады. Корей компаниясы қомақты қаржы салмақ. Сонымен қатар елімізде кәріс көліктерінің бөлшектерін шығару қолға алынады. Мемлекет басшысының Сеулге сапары аясында қос елдің кәсіпкерлері 80-ге жуық келісімге қол қойды. Жалпы құны 19 млрд доллар. Кореяның ірі бизнесі Алатау сити қаласының құрылысына да қызығушылық танытып отыр. Іскерлік кеңес отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті кәсіпкерлерге ауқымды жобаларды бірлесе атқаруға шақырып, атом энергетикасы саласында әріптестіктің мүмкіндігі мол екенін айтты.


Бөлісу