«Марафонға қосыл – кітап оқы!»
Қазақстанда кітап оқуды насихаттап, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. Осы маңызды бастаманы қолдау мақсатында Меркі ауданындағы №44 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында «Марафонға қосыл – кітап оқы!» тақырыбында ашылу салтанаты өтті.