Негізгі Жаңалықтар Боксшылар дайындығын пысықтауда

Боксшылар дайындығын пысықтауда

Жамбылдық боксшылар таяуда өтетін ел чемпионатына дайындалып жатыр. Қазір құрама мүшелері «Тау Қымыз» демалыс базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, алдағы бәсекеге бабын келтіруде. Құрама сапында тәжірибелі спортшылармен қатар, халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген жас боксшылар да бар. Олардың дайындығын облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен спорт басқармасының басшылығы арнайы барып көрді.

Оқу-жаттығу жиынында спортшылардың физикалық дайындығына басымдық берілген. Жаттығу барысында соққы дәлдігі, қозғалыс жылдамдығы мен жекпе-жек кезіндегі тактикалық шешімдер де пысықталуда. Құрама сапында Азия чемпиондары, әлем чемпионаттары мен Әлем кубогінің жүлдегерлері бар. Тәжірибелі спортшылардың білгенін жас буынға үйретуі де жиынның маңызды бөлігі.

Бөлісу