«Әдебиет – ізгіліктің бастауы»
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы Сәмен Құлбарақтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиет – ізгіліктің бастауы» атты шығармашылық бенефис кеші өтті. Әдебиет пен ұлттық руханиятты, ел тарихы мен туған жер тағылымын арқау еткен тағылымды кеш жазушының жетпіс жылдық ғұмырын, шығармашылық жолын және қазақ әдебиетіне қосқан үлесін кеңінен насихаттауға арналды.