Көне Күлтөбенің көшпелі көрмесі
Түркістанның терең тарихының бір бөлігі Таразда таныстырылып жатыр. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме есігін айқара ашты. Көрмені Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған. Экспозиция бір ай бойы Тараз тұрғындары мен қонақтарына ұсынылады.