Заң мен тәртіп: Аудандық форум
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының басты кепілі. Шу ауданында осы қағидатты негізге алған «Зиянды әдеттерге жол жоқ – салауатты өмір салты» атты аудандық форум ұйымдастырылды. Басқосу «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өтіп, жастардың құқықтық сауатын арттыру мен зиянды әдеттердің алдын алуға арналды.