Негізгі Жаңалықтар Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Кореяның ғылыми-техникалық әлеуетін Қазақстанның өндірістік мүмкіндігімен ұштастыру. Мемлекет басшысы екі ел әріптестігінің жаңа бағытын осылай айқындады. Президент Қазақстанда жаңа өндіріс орындарын ашып, өнімді үшінші елдердің нарығына шығаруды ұсынды. Маңызды мәлімдеме Сеулде өткен алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитінде айтылды. Орталық Азияға қазір алыптардың назары ауып отыр. Былтыр аймақ елдерінің жиынтық ішкі жалпы өнімі 550 миллиард долларға жуықтады. Экономикалық өсім 6 пайыздан асты. Орталық Азия мен Корея арасындағы сауда алғаш рет 10 миллиард доллардан асқан. Оның жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі. Осы ретте Президент кореялық компанияларды елімізде қосылған құны жоғары өндіріс орындарын ашуға шақырды.


Бөлісу