Кітаппен көркейген келешек: Оқу марафоны
Кітап – адам жанының рухани азығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың III отырысында кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өткен болатын. Осы бағытта Сарысу ауданында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітаппен көркейген келешек» атты оқу марафоны өтті. Шараны аудандық білім бөлімі ұйымдастырды.
М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында өткен шара барысында оқушылар кітап көрмесімен танысып, балалар әдебиеті мен қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларын тамашалады. Шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы құттықтау сөз сөйлеп, мектептердегі кітап қорының мол екенін атап өтті. Кітап мерекесі концерттік бағдарламаға ұласты. Мектеп өнерпаздары кітап тақырыбында көрініс қойып, әннен шашу шашты. Ал балалар өнер мектебінің оқушыларынан құралған оркестр күй орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.