Жылу маусымына дайындық барысы қалай?
Таразда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазандықтар, жылу желілері мен жылу электр орталығы қысқы мезгілге қаншалықты дайын? Жаңартылған магистральдар қала тұрғындарының үйлеріне жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ете ала ма? Ал, өңірдегі жылумен жабдықтау нысандарын дайындауға шамамен 66 миллиард теңге бағытталды. Бүгінде негізгі нысандардың дайындығы 100 пайызға жуықтап қалды. Алайда бұл тек сандар емес, нақты жұмыс. Жөндеу, желілерді жаңарту және жүйенің қысқа қаншалықты дайын екенін көрсететін сынақтар жүргізілуде.