Негізгі Жаңалықтар Колледждердің материалдық базасы талапқа сай емес

Колледждердің материалдық базасы талапқа сай емес

Өңірдегі колледждердің материалдық-техникалық базасы көңіл көншітпейді. Инфрақұрылымын жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 856,1 млн теңге бөлінді. Оның 447,4 млн теңгесі ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалса, 408,8 млн теңгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен жиында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жай-күйі қаралды.


Бөлісу