Кітап оқу марафоны басталды
Байзақ ауданындағы №1 мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздегі алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонының аудандық ашылу салтанаты өтті. Республикалық марафон 2026 жылдың қыркүйек айынан 2027 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Жоба тек оқушыларды емес, педагогтер мен ата-аналарды да қамтиды.