Есірткіге жол жоқ
Таразда жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өтті. «Әлеуметтік желідегі есірткінің жасырын жарнамасы: қауіп әлеуметтік желіде» тақырыбындағы кездесуге 500 студент қатысты. Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, полиция департаментінің кинологиялық қызметі және Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп ұйымдастырды.