«Күзгі әуен» классикалық өнер кеші
Жеңіс саябағында «Күзгі әуен» атты халықаралық өнер кеші өтті. Онда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның ең үздік орындаушылары мен ансамбльдері өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ және халықаралық музыкалық мәдениеттің жауһарларын тамашалады.