Негізгі Жаңалықтар Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстанда 8 мемлекеттің жаңадан тағайындалған елшісі ресми жұмысын бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін дипломаттардан сенім грамоталарын қабылдады. Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты рәсімге Мысыр Араб Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Эстония, Оман Сұлтандығы, Мажарстан, Гвинея-Бисау, Нигерия мен Дания Корольдігінің елшілері қатысты. Мемлекет басшысы елшілерге ілтипат білдіріп, еліміздің сыртқы саясатта бейбіт бағыт ұстанатынын жеткізді.


Бөлісу