16 мың кітап оқыған ұстаз
Тараз қаласында 16 мың кітап оқыған педагог тұрады. 49 жастағы Базарбай Дүйсенбаев 17 жасынан бері кітапты үзбей оқып келеді. Бүгінде мектепте мұғалім болып, білім- білігін балалармен бөліседі.
Базарбай Дүйсенбаев мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап әдеби шығармаларды үзбей оқып келеді. Оның бос уақыты жоқ. Өйткені ол кітапты бос уақытта оқымайды, керісінше кітап бетін ашу үшін арнайы уақыт бөледі. Бүгінде оқыған кітаптарының саны 16 мыңға жеткен. Ал көңіліме жақыны көркем әдебиет дейді.