Шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде
Сондай ақ ауыл шаруашылығы министрінің жұмыс сапары Байзақ ауданында жалғасты. Онда диқандармен кездесіп, қант қызылша алқабының жұмысымен танысты.
Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округіндегі «КЭМА-АГРО» шаруа қожалығы 2016 жылы құрылған. Қожалықтың негізгі бағыты - өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде қант қызылшасы. Биыл шаруашылық 80 гектар алқапқа тәтті түбір еккен. Бүгінде заманауи агротехнологияларды тиімді пайдаланып отыр. Қожалықта 7 заманауи ауыл шаруашылығы техникасы да бар.