Қала күніне арналған спорттық сайыс
Таразда Қала күніне орай өнеркәсіп кәсіпорындары арасында спартакиада өтті. Спорттық додаға 12 команда сапында 500-ден астам қызметкер қатысты. Қатысушылар кіші футбол, волейбол, стритбол, арқан тарту, қол күрес, шахмат және дартстан бақ сынады. Бәсекенің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, еңбек ұжымдарын біріктіру және салауатты өмір салтын насихаттау.