Меркі ауданында заң мен тәртіп қағидатын таразылаған мәжіліс өтті. Аудандық прокуратура ұйытқы болған жиынға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Аймақтағы құқыт ахуал да сараланды.
Жиында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында аудан бойынша қылмыс деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,2 пайызға төмендегені айтылды. Сонымен қатар жекелеген қылмыс түрлері бойынша өсім байқалатыны айтылып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ прокурорлық қадағалау шеңберінде атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы баяндалды.