10 сәуір – Ветеринария қызметкерлерінің күні. Осыған орай Таразда салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Басқосуда аталған саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген мамандар марапатталып, олардың еңбегі ерекше аталып өтті.


Ветеринария – тек төрт түліктің саулығын қадағалайтын сала ғана емес, елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен халық денсаулығын қамтамасыз ететін маңызды қызметтің бірі. Сол себепті олардың еңбегі ерекше бағаланады. Салтанатты жиынға облыстың барлық ауданынан келген ветеринария қызметкерлері қатысты. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары арнайы келіп, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ үздік қызметкерлерге марапаттар табысталды.