М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау комиссиясының жұмысын ресми түрде бастады. Биыл қабылдау науқаны талапкерлерге барынша қолайлы жағдай жасауға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Қабылдау комиссиясының жұмысы бес негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Барлық процестер цифрлық басқару жүйелері арқылы бақыланады.


Қабылдау комиссиясының құрамында 58 қызметкер жұмыс істеп, талапкерлерге жан-жақты кеңес береді. Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу үшін 40 компьютерден тұратын өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Сондай-ақ ата-аналар мен кішкентай балаларға арналған арнайы бөлме, күту аймағы және заманауи инфрақұрылым келушілердің жайлылығын қамтамасыз етеді.