Бір апта бұрын елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Бұл мемлекеттің құқықтық жүйесін дамытудың келесі кезеңін айқындайды. Жаңа құжат мемлекеттік институттарды жетілдіруге және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын адвокатура институтын дамытуға басымдық берілді.
Адвокатура мәртебесін Ата заң деңгейінде бекіту негізгі өзгерістердің қатарына жатады. Енді азаматтардың білікті заңгерлік көмек алу құқығы адвокатура институты арқылы конституциялық деңгейде қаралады. Мұндай шешім әділ сот төрелігіндегі маңызын арттыра түседі. Бұл қадам адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік кепілдігін одан әрі нығайтады.