Таразда «Өз құқығыңды біл» акциясы өтті. «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы іс-шара аймақтағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұйымдастырылды. Тұрғындарға конституциялық міндеттер мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ мамандар азаматтардың құқықтары бойынша туындаған мәселелерін шешу бойынша кеңес берді.
Тұрғындар қажетті мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймай,құқықтық көмекке жүгінді. Құзырлы орган өкілдері қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Акцияға жалпы саны 5000-нан астам адам қатысты.