Енді аймақта медқызмет сапасы оңалар деген үміт бар. Бүгін денсаулық саласына су жаңа 60 автокөлік берілді. Техниканың дені Таразға берілді. Ал аудандық мекемелерге 23 көлік жол тартты. Өйткені, ондағы көліктердің біршамасының тозығы жеткен. Енді ақ халатты абзал жандар елді мекендердегі шақыртуларға ерте жетіп, алғашқы көмекті жедел көрсету мүмкіндігі арта түсті.


Жаңа көлікті болған медицина қызметкерлерін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтады. Ол ақ халаттыларға санитарлық автокөліктің кілтін табыстамас бұрын, саладағы бірқатар маңызды жаңашылдықтарды атап өтті.