Кеше кетпен мен күрекке сүйенген дала еңбегі, бүгін цифрлық технологиямен ұштасып келеді. Су тапшылығы күшейген кезеңде әр тамшының қадірі артып, оны басқарудың жаңа тәсілдері енгізілуде. Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні. Жамбыл облысында осы салада 700-ге жуық маман еңбек етеді. Олардың қатарында жиырма жылдық тәжірибесі бар гидротехник те, егістікке жасанды интеллект енгізген кәсіпкер де бар.
Шаруашылық пилоттық жоба аясында 20 гектар алқаптың суару жүйесіне жасанды интеллект технологиясын енгізуді қолға алған. Шетелдік замануи құрылғы ай соңына дейін жеткізілсе, егістікті бір ғана батырма немесе дауыс арқылы басқару мүмкіндігі пайда болады, дейді шаруа.