Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сараптамалық кеңестің алтыншы отырысы өтті. Жиында сайлау туралы заңның нормалары сөз болды. Әсіресе, Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жайы кеңінен талқыланды. Еске салсақ, қазір партиялық тізімдер ұсынылып жатыр. Тіркеу 23 шілдеде аяқталады. Дәл осы күні сағат 18:01-де партияларға үгіт-насихат жүргізуге рұқсат беріледі. Бұл науқан тамыздың 21-нен 22-не қараған түні аяқталады. Қазіргі есеп бойынша 12 жарым миллионнан астам отандасымыз таңдау жасауға құқылы. Сайлау кезінде тұрақты тұрғылықты тіркелген жерінде яки елде болмайтын азаматтарға есептен шығару куәлігін алып, барған жерінде дауыс беруге болады.