Жуалы ауданының Көлбастау ауылында көптен күткен жаңа ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асқан жоба нәтижесінде 4 мыңға жуық ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына жауапты сала өкілдері мен аудан басшылығы қатысып, ауыл тұрғындарын көптен күткен жобаның іске қосылуымен құттықтады. Олар бұл бастама халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ауылдың әлеуметтік дамуына серпін беретінін атап өтті.