Заң мен тәртіп – басты қағидат
Заңды білу – құқықты қорғаудың алғашқы қадамы. Ал тәртіпке бағыну – қауіпсіз қоғамның негізі. Бүгінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, интернеттегі қауіпті ұсыныстардан сақтану маңызды. Осы мақсатта «Заң мен тәртіп», «Әділетті мемлекет – адал азамат – таза қоғам» тұжырымдамалары аясында Тараздағы №69 «Келешек» мектебінде оқушылармен құқықтық кездесу өтті.