Кәсіпке баулитын мектеп
Мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлер көкжиегін кеңейтті. Жыл санап, облыста өз кәсібін бастап, адал еңбегінің арқасында табыс тауып жатқан жандардың қатары көбеюде. Оған әрине үкіметтік бағдарламалар да үлкен сеп болуда. Мәселен Меркі ауданы Ойтал ауылында кәсіпке байлитын «Олжа» мектебі жұмыс істеп тұр. Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасының қомақты қаражатына қол жеткізген олар жұмыстарын да жетілдіре түсіпті.