Қазақ ауылындағы келелі кездесу
Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Жұмабай Байнатов өзінің туған жері Тұрар Рысқұлов ауданындағы Қазақ ауылына ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ата- бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Ғалыммен бірге оның жұбайы Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Төреқызы Миразова да келді. Келелі кездесуге халық көп жиналды.