Азық-түлік бағасы бақылауда болуы тиіс
Жыл басынан бері 122 кәсіпкер тауарға 15 пайыздан жоғары сауда үстемесін қосқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Мұндай заң бұзушылықтарды болдырмау үшін жауаптылар жағдайды қатаң бақылауға алуы тиіс. Азық-түлік бағасының халықтың қалтасына салмақ салмауы керектігін айтқан аймақ басшысы аппараттық кеңес отырысында аудан әкімдері мен құзырлы мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.