Негізгі Жаңалықтар Көлік жөндеу – көптің сұранысы

Көлік жөндеу – көптің сұранысы

Ауылды жерде кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етіп, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге жол ашады. Мәселен: Меркідегі Ойтал ауылының көлік жүргізушілері машинасы бұзылған жағдайда қалаға немесе аудан орталығына сабылмайды. Өйткені елді мекенде заман талабына сай көлік жөндеу орталығы жұмыс істеп тұр. Бүгінде орталықта бес азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.


Бөлісу