Әскери қызметшілер қан тапсырды
Әскери қызметшілер қан тапсырды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері игі бастамаға үн қосып, қан тапсыру акциясына қатысты. Жамбыл облыстық қан орталығының мобильді тобы бұл жолы әскери қызметшілерге тікелей штабқа барып қызмет көрсетті. Осылайша, офицерлер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін сарбаздар жұмыс орнынан алыстамай-ақ, донор болуға мүмкіндік алды.