Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы күрес жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері еліміздің басқа облыстарына есірткіні шығарудың 8 арнасының жолы кесілді. «Қарасора-2026» және «Канал – Янтарный берег» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Шу – Қайнар» тас жолының бойында «ВАЗ-21213» автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде қапқа салынған 8 келі 500 грамм марихуана есірткісі табылды.


Тінту жұмыстары «Бүркіт» арнайы жасақ қызметкерлері мен «Хэппи» қызметтік-іздестіру итінің қатысуымен жүргізілді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасуда.