Тараз қалалық теміржол өткелінде кезекті профилактикалық акция өтті. Іс-шара жол-көлік оқиғаларының көрсеткішін азайтуға негізделген. Осы ретте «Қазақстан темір жолы» мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірлескен рейд ұйымдастырды. Олар қозғалыс қатысушыларына ережелер мен бағдаршам сигналдарын қатаң сақтау маңызын түсіндірді.
Бірлескен топ автокөлік иелерімен тілдесіп, түсіндірме қағаздарын таратты. Ақпараттық парақшаларда шлагбаум жабылған сәттегі іс-әрекет алгоритмі, тоқтау сызығының талаптары мен рұқсат беру белгісі кезіндегі қозғалыс тәртібі нақты көрсетілген.Статистикаға сүйенсек, өткелдердегі салғырттық – қайғылы жағдайлардың басты себебі. Сондықтан бұл жұмыс азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.