Елорда күні – ел тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. Жыл сайын 6 шілдеде аталып өтетін бұл мереке Астананың Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналғанын айшықтайды. Осы айтулы күнге орай Шу ауданында да бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.


Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Жеңіс саябағында өткен «Астанам, саған арнадым» атты гала-концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында аудандық мәдениет саласының қызметкерлері арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер шырқалып, ұлттық және заманауи өнер үлгілері сахна төрінен көрініс тапты.