Мөлдір бұлақта мөлдір әуен. «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Ғасырлар үні – Домбыра» мерекелік концерті өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, домбыраның рухани құндылығын дәріптеу, күй өнерін кеңінен таныту және жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.


Мерекелік концертте қазақтың дәстүрлі өнері кеңінен дәріптеліп, ұлттық ән, күй және би өнері көрермен назарына ұсынылды. Бағдарлама барысында домбыраның тарихы мен маңызы туралы танымдық мәлімет беріліп, халқымыздың күй өнері мен мәдени мұрасының құндылығы насихатталды.