«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға прокуратура өкілдері , Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, пробация есебіндегі азаматтар қатысты. Сенбілік Тараз қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағында өтті. Қазіргі таңда мұнда 130 қарт пен мүгедектігі бар азаматқа қызмет көрсетілуде.


Акция барысында пробация есебіндегі 70-ке жуық азамат қоғамдық пайдалы еңбекке тартылып, мекеме аумағы мен оған іргелес жерлерде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жамбыл облысының прокуратурасы алдағы уақытта өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын мәлімдеді.