Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер – елдің демократиялық даму бағытын айқындайтын маңызды қадамдардың бірі. Бұл жаңашылдықтар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтіп қана қоймай, қоғамның барлық саласында халықтың белсенділігін арттыруға бағытталған. Әсіресе, жастардың қоғамдық өмірге араласуына, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және еріктілік мәдениетін дамытуға ерекше мән беріліп отыр.


Бүгінде волонтерлік қызмет тек қайырымдылықпен шектелмейді. Ол – қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге үлес қосатын, жастардың ұйымшылдығы мен жауапкершілігін арттыратын маңызды қоғамдық институтқа айналды. Табиғи апаттардың салдарын жою, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету, экологиялық акциялар ұйымдастыру, мәдени және спорттық іс-шараларға атсалысу сияқты бағыттарда мыңдаған жас белсенді еңбек етіп келеді. Мамандардың айтуынша, Конституцияда бекітілген қағидаттардың өмірде толық жүзеге асуы азаматтық қоғамның нығаюына, заң үстемдігінің орнығуына және жастардың ел дамуына қосатын үлесінің артуына негіз болады