Жамбыл облысының тәртіп сақшылары жаңа құқықтық талаптарға көшті. Өңірлік полиция департаментінде Қайсар Сұлтанбаевтың төрағалығымен ауқымды жиын өтті.
Онда жеке құрамға бүгіннен бастап күшіне енген Конституция талаптары мен басым бағыттары түсіндірілді.Басқосуда заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау және тұрғындармен ашық диалог орнату мәселелері пысықталды. Полиция генерал-майоры Ата Заң қағидаттарын сапалы әрі уақытылы орындаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, жемқорлыққа жол бермеу және кәсіби әдепті сақтау міндеттелді