Елдегі саяси-құқықтық өзгерістер тек қағаз жүзінде қалмайды. Оның әрбір тармағы қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер етпек. «Sarap» сарапшылық клубының отырысында белгілі заңгерлер мен қоғам белсенділері бас қосып, Конституциялық модельдің негізгі бағыттарын талқылады. Ата заңдағы жаңа нормаларға сай, мемлекет неке мен отбасы институтын, ана мен бала құқығын заң жүзінде бекітті. Бұл отбасындағы жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді, дейді сарапшылар. Жаңа реформаның тағы бір маңызды тірегі – адами капиталды дамыту. Яғни, мемлекет бұдан былай басты инвестицияны білім мен ғылымға, жас мамандар мен озық технологияға құяды. Осылайша, қарапайым ауыл баласының да сапалы білім алып, заманауи маман атануына жол ашылмақ.