Парламент Сенаты жұмысын қорытындылады. Палаталардың бірлескен соңғы отырысы өтсе, Сенат пен Мәжіліс тарайды. 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияға сәйкес Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады. Тамыз айында өтетін сайлаудан кейін елде бір палаталы Құрылтай өз жұмысын бастайды. Бұл өзгеріс саяси реформалардың жаңа кезеңін бастап, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды тарихи қадам болмақ.
2026 жылдың 29 маусымы. Бұл күн Қазақстанның саяси тарихында ерекше дата ретінде қалмақ. Осыдан тура 30 жыл бұрын құрылған Сенат бүгін өзінің соңғы жалпы отырысын өткізді. 1996 жылдың 30 қаңтарында өткен алғашқы отырыстан бері Сенат тәуелсіз Қазақстанның заң шығару жүйесінің ең негізгі институттарының бірі болды. Осы жылдар ішінде елдің саяси бағытын, экономикалық реформаларын және әлеуметтік дамуын айқындаған маңызды заңдар қабылданды.