Ұшақта алып жүруге тыйым салынған заттар көрмесі. Иә, енді оны әуежайда көзбен көріп, жолаушылар жадында сақтап алуы күшін көрмеденкөруге болады. Әуе қатынасындағы жаңа бастама Бас көлік прокуратурасының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр.
Ақпараттық сөреде әуе көлігімен алып жүруге тыйым салынған заттардың макеттері қойылған. Олардың қатарында оқ-дәрілер, пышақтар, жарылғыш заттар мен басқа да қару түрлері бар. Сонымен қатар жолаушыларға әуе кемелерін лазерлік құрылғылармен әдейі жарықтандырудың қауіптілігі мен оның құқықтық салдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.