Қордай ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді. Биыл зиянкестердің таралуына жол бермеу үшін ауыл шаруашылығы алқаптары әуеден және жер үсті техникалары арқылы өңделуде. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар егістік пен жайылымдарды қорғауға бағытталған.
Таңғы сағат бесте жұмыс қыза бастайды. Сарыбұлақ ауылдық округі маңындағы арнайы алаңнан АН-2 ұшағы кезекті рейске аттанады. Әуеден жүргізілетін өңдеу жұмыстары зиянкестердің таралуын қысқа мерзімде тоқтатуға мүмкіндік береді. Бір ғана ұшу барысында шамамен жүз гектар жер қамтылады.