Бүгін «Тараз-Арена» спорт кешенінде БАҚ өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спратакиада өтті. Спорттық шараға аймақтың ақпарат айдынында тер төгіп жүрген журналистер қауымы қатысып, өзара бақтарын сынады.
Биыл 6 спорт түрінен өткен дәстүрлі сайысқа жергілікті ақпараттық құрылымдарда 7 команда қатысып, өз ара бақ сынады. Спорттық додаға қатысушылар қол күресі, дойбы, үстел теннисі, футбол, арқан тарту және командалық эстафеталық жүгіру секілді сайыстан сынға түсті. Әр ойын тартысқа толы өтіп, командалар жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салды.