Ауылдық мәдениет үйі мен клуб меңгерушілері арасында «АУЫЛ–СLUB» облыстық ART-тимбилдингі басталды. Жаңа мәдени этикалық нормаларды қалыптастыру бағытындағы іс-шара биыл екінші мәрте ұйымдастырылды. Екі күнге созылатын шығармашылық алаң Байзақ ауданы, Түймекент ауылы аумағында өтті.
Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері мен клуб меңгерушілері қатысты. Әр команда 40 минуттық концерттік бағдарлама ұсынып, өз өңірінің мәдени тыныс-тіршілігін паш етті. Бұдан бөлек, қатысушылар интеллектуалдық және шығармашылық сайыстарда бақ сынасып, түрлі ойындар мен байқауларға белсене қатысты.